Қор туралы

Бэнг атындағы білім беру қоры (ББҚ) Қазақстан Республикасында тіркелген тәуелсіз, бейкоммерциялық қоғамдық қор болып табылады. Оның мақсаты – білім беру саласында жұмыс істейтін ұйымдарға немесе білім беру ұйымдарына қаржы қаражатын тарту және оған білім беру саласында жұмыс істейтін ұйымдармен немесе білім беру ұйымдарымен, жеке тұлғалармен табысталған активтерді басқару жолымен халықаралық тану мәртебесіне жетуде жәрдемдесу, осылайша Қазақстан Республикасына оның әлемнің жетекші елдерінің бірі ретінде халықаралық тануға деген ынтасына жәрдем көрсету болып табылады.

Миссиясы

Бэнг атындағы білім беру қорының миссиясы Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарды, ғылыми зерттеулерді, алмасу бағдарламасы мен қайырымдылық қызметті қолдау арқылы бизнес, әлеуметтік және жаратылыс тану ғылымдары саласындағы білімді дамыту болып табылады.

Осы мақсаттарға сәйкес Бэнг атындағы білім беру қорының қызметі Қазақстанда білімді дамытуға үлесін қосқысы келетін қарым-қабілетті жеке тұлғаларды іздеуге және қолдауға бағытталған.

Мақсаты

Қор қызметінің негізгі мақсаттары болып табылатындар:
– ол басқаратын мекемелер үшін аккредиттеудің халықаралық стандарттарына сәйкестікке қол жеткізу;
– ол басқаратын мекемелер үшін мекемелердің өз мақсаттарын іске асыруына ықпал ету мақсатында гранттар, қайырымдылық және демеушілік көмек түрінде қаржы қаражаттарын тарту;
– Қазақстан Республикасының бизнес, әлеуметтік және табиғи ғылымдар саласында білім беру деңгейін дамытуға ықпал ету және мұндай білімдерді Қазақстан азаматтары мен Қазақстанда оқып жүрген шетел студенттері арасында тарату;
– Қазақстанда жақсартылған әлеуметтік бағдарламалар мен қызметтердің жүзеге асырылуына ықпал ету;
– ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру, білім беру саласында халықаралық стандарттарды ендіру;
– Қор басқаратын мекемелердің қайырымдылық қызметтеріне ықпал ету;
– Қордың мақсаттарына қол жеткізу мен іске асыруға бағытталған алуан түрлі жобалармен бағдарламаларды қарастыру жөніндегі семинарларды, симпозиумдарды, конференцияларды, дискуссияларды және дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру және оларға қатысу;
– бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және бағалау үшін тәуелсіз сарапшыларды, ғалымдарды, зерттеушілерді, кәсіпкерлерді, қоғамдық қайраткерлерді тарту;
– жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін қазақтандық мамандарды шет мемлекеттерге жіберілуін, тәжірибе жинаудан өткізуге және білім беру ұйымдары, қоғамдық қорлар және осындай коммерциялық емес және қайырымдылық ұйымдары ұсынатын мұндай бағдарламаларды іске асыру тәжірибесін зерделеу үшін жіберуді қаржыландыру;
– барлық пайдасы Қордың мақсаттарын жүзеге асыру үшін жұмсалатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру; және
– Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қызметтердің басқа да түрлерін жүзеге асыру.

Аталған мәнді және қызметтің мақсаттарын жүзеге асыру үшін Қор Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі осындай қорлармен байланыстарды орнатады және дамытады.