Жобалар

КИМЭП-пен әріптестік

«Бэнг атындағы білім беру қоры» қоғамдық қоры шақырылған лекторлардың қатысуымен зерттеулер жүргізуге, конференциялар мен форумдар өткізуге, әртүрлі мақалалар жариялауға, спорттық шаралар өткізуге және жоо-ның материалдық-техникалық базасын жетілдіруді жүзеге асыруға қолдау көрсете отырып, КИМЭП Университетінің жұмысына белсенді түрде тартылған.

Негізгі мақсаты: Қор Университетке қайтарымсыз қайырымдылық көмек көрсетеді. Оның мақсаты:
– Университет студенттерінің арасында бизнес және әлеуметтік ғылымдар саласындағы білімдік деңгейді дамытуды ынталандыру;
– Әлеуметтік бағдарламаларды қолдау және жетілдіру;
– Ғылыми-әдістемелік шараларды ұйымдастыру және жоғары білім беру саласында халықаралық стандарттарды енгізу;
– Университет ресурстары мен материалдық-техникалық базасының дамуын ынталандыру.

Сонымен қатар әріптестік аясында келесі жобалар мен шаралар жүзеге асырылады.

«Экономикалық реформалар мен жаңғыртулар арқылы Солтүстік Корея ядролық дағдарысын шешу» тақырыбына ғылыми-зерттеулерге демеушілік туралы шарт
Аталмыш жоба ғылыми, экономикалық және басқа факторларды қарастыруға бағытталған және Солтүстік Кореядағы экономикалық реформаларға шолуды көрсетеді. Атап айтқанда, ол көрсетілген экономикалық реформалар мен ядролық қаруға қатысты Пхеньянмен тартысты бейбіт түрде шешуге ұмтылу арасындағы күрделі өзара қарым-қатынастарды анықтауға тырысады. Зерттеу тек студенттерді оқытып қана қоймай, қазіргі заманғы жаһандық парадигмалар мен келелі мәселелер жиынтығын байыпты және жан-жақты терең зерттеуіне назар аударатын әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орны ретіндегі КИМЭП Университетінде жүргізіледі. Зерттеу тақырыбы тынық мұхит аймағы мен бүкіл шығыс жарты шардың қауіпсіздік мәселелерін қозғайды. Бұл ретте КИМЭП Университеті әрдайым тартысты жағдайларға делдалдық көрсетуге бағытталған Қазақстанның сыртқы саясатына сәйкес жаһандық қауіпсіздікті зерттеу мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.

Үстел теннисі бойынша КИМЭП Университеті Президентінің Кубогы – спорт шарасына демеушілік.
КИМЭП Университеті Президентінің Кубогы – үстел теннисі бойынша ашық қалалық жооаралық турнир. Турнир жыл сайын өткізіледі. Бірінші орын үшін жүлде 150 000 теңгені құрайды. Әдетте, турнирге Алматы қаласының жоғары оқу орындарынан 60-қа жуық студент қатысады.

Тәжік ұлттық университетімен әріптестік
Негізгі мақсаты – Тәжік ұлттық университетінің Комиссиясы үшін «Оқытудағы жаңа технологиялар және жоғары оқу орындарында шетел тілін оқыту әдістері» тақырыбына семинар өткізу. Қордың бастамасымен Университет қызметкерлері тәжік әріптестерімен тәжірибе бөлісе отырып, Тәжік Республикасында 5 күн болды.

«Үйрену, сауаттылық технологиясы және үйрену мен сауаттылық тарихы» тақырыбына шақырылған лектордың (лектор – Дуглас К. Хартман) қатысуымен семинарға демеушілік (лектор – Дуглас К. Хартман)
Д-р Дуглас К. Хартман – Мичиган штатындағы университеттің педагогика факультетінің технологиялық және адами үйрену кафедрасының профессоры. Оқытушыларды үйрету, білімдік психология және білімдік технология кафедрасында оқытушы. 60-тан аса журналдық мақалалардың, кітап таруларының, техникалық есеп берулер мен ғылыми еңбек рецензияларының авторы болып табылады. Зерттеу тақырыбы – үйрену, сауаттылық технологиясы және үйрену мен сауаттылық тарихы.

«Жаңа либералдық академиялық орта шеңберінен тыс: ғылыми зерттеулер тиімділігін баламалы өлшеуге шолу» тақырыбына шақырылған лектор Ольга Мунның қатысуымен семинарға демеушілік
Ольга Мун – КИМЭП Университетінің түлегі, қазір Оксфорд Университеті педагогика кафедрасының докторанты. Негізгі зерттеушілік мүддесі– халықаралық ауқымдағы білімнің барлық деңгейлеріндегі теңдік мәселелері мен әлеуметтік әділеттілік. Оксфордта оқығанға дейін ол мигранттар, босқындар және азшылық ұлттар үшін білім берудің келелі жиынтық мәселелеріне қатысты және дәстүрлі еуропалық білім беруді салыстырмалы зерттеу мәселелері бойынша Лондон Университеттік колледж білім беру институтында сабақ берген. Ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін АҚШ, Ұлыбритания, Венгриядан көптеген марапаттауларға ие болған және 2018 жылғы Forbes басылымынан «Білім беру және денсаулық сақтау» категориясында Қазақстан бойынша «Отыз жасқа дейінгі отыз ғалым» марапатының иегері болып табылады.

«Көптілділік бізді қайда апарады?» тақырыбына шақырылған лектор Александр Дюшеннің қатысуымен семинарға демеушілік
Профессор Александр Дюшен әлеуметтік теңсіздік пен айырма жасаудағы тілдің рөлімен байланысты әлеуметтік ғылымдар мен лингвистиканың тоғысында зерттеулер жүргізеді. Ол Франциядағы Көптілділік Институтында директорлар кеңесінің мүшесі және UNIFR Университетіндегі (Франция) әлеуметтік теңсіздік пен тілдер бойынша зерттеу тобының жетекшісі болып табылады. Францияда, Финляндияда, Канадада, сонымен қатар Нью-Йорк қаласының (АҚШ) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру университетінің орталығында шақырылған профессор болып жұмыс істеген. «Халықаралық тіл социологиясы журналында» бас редактор және халықаралық зерттеу журналдарының бірқатар редакциялық алқасының мүшесі.